MMA
28 маусым 09:40

Мұхаммед Әлидің немересі мансабында алғаш рет жеңілді

©

Чикаго (АҚШ) қаласында PFL World Tournament 7 аралас жекпе-жек турнирі өтіп жатыр,– деп хабарлайды Vesti.kz.

Андеркардта әйгілі Мұхаммед Әлидің немересі Бьяджо Әли Уолш пен Ронни Гиббс кездесті.

Жекпе-жекте Гиббс қылқындыру әдісімен жеңіске жетті. Бұл – Гиббс үшін ММА-дегі екінші жекпе-жегі және қатарынан екінші жеңісі.

26 жастағы Уолш үшін бұл – мансабындағы алғашқы жеңіліс. Бұған дейін ол екі жеңіске жеткен.

Бьяджо – аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлидің немересі. Жастайынан америкалық футболға қызыққан, ал ММА-ғы мансабын 2022 жылы бастаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport