Аралас жекпе-жек
22 маусым 10:04
 

Мария Агапова жаңа лигадағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды

  Пікірлер

blog.share

Мария Агапова жаңа лигадағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды ©x.com/bareknucklefc

28 жастағы қазақстандық спортшы Мария Агапова АҚШ-тың Техас штатында өткен Bare Knuckle Fighting Championship (BKFC) турнирінде дебют жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

28 жастағы қазақстандық спортшы Мария Агапова АҚШ-тың Техас штатында өткен Bare Knuckle Fighting Championship (BKFC) турнирінде дебют жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жалаң қолмен өткізілген алғашқы жекпе-жегінде отандасымыз төрешілер шешімімен 38 жастағы америкалық Джессика Айдан жеңіліп қалды. Ай үшін де бұл жаңа лигадағы алғашқы кездесу болды.

Bare Knuckle Fighting Championship (BKFC) — АҚШ-тың Филадельфия қаласында орналасқан халықаралық промоушен. Бұл ұйым жалаң қолмен өткізілетін жекпе-жектерді ұйымдастыруға маманданған. BKFC турнирлері АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Италия, Болгария, Азия елдері мен БАӘ-де өткізіледі.

Бұған дейін Мария Агапова UFC ұйымында өнер көрсеткен. Ол бұл промоушен аясында алты жекпе-жек өткізіп, екі жеңіске жетіп, төрт рет жеңіліп қалды.

2024 жылдың жазында Агапова қатарынан үш жеңілістен кейін UFC-ден кетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!