Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) Гамбургте (Германия) өткен OKTAGON 73 турнирінде чемпиондық атаққа қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жако ең жеңіл салмақ дәрежесінде өткен титулдық кездесуде Грузиядан келген қазіргі чемпион Бено Адамиямен (12-8-2) күш сынасты.
Адамия жекпе-жек алдында салмақ шегінен асып кеткендіктен, октагонға сары карточкамен шықты.
Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек толықтай өтті. Жалғас төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, лиганың жаңа чемпионы атанды. Ол қарсыласын соңғы раундта бір рет нокдаунға да түсірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Адамия бұл жекпе-жекке дейін алты жеңістен тұратын сериямен келген болатын, бірақ бұл жолы Жумагұловқа есе жіберді. Ал Жако қатарынан төртінші жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр. Oktagon – Еуропадағы үздік лигалардың бірі.
Еске салайық, Жумагұлов бұған дейін UFC-де өнер көрсеткен. Ол аталмыш промоушенде жеті жекпе-жек өткізіп, бір рет жеңіске жетіп, алты рет жеңілген. UFC-ден 2023 жылы кеткен.
Жалғас бұған дейін Fight Nights Global ұйымында чемпион болған. Ол 2018–2019 жылдары ең жеңіл салмақта бұл лиганың чемпиондық белбеуіне ие болды.
Жарнама