Желіде Ресейдің Петербор қаласында түсірілген видео таралып жатыр. Видеода ер адам туған күнін атап жатқан қызға жабысып қоймайды. Осы кезде шыдамы таусылған қыз оны екі соққымен құлатып, кетіп қалады.
Ер адам аяғына қайта тұрады. Дегенмен бұл таза нокаут болды. Ал 21 жастағы қыздың есімі Алиса екен. 2017 жылы ол ушу-саньдадан Ресей кубогінің жеңімпазы және 2020 жылы КЭМПО ММА-ден әлем чемпионатының қола жүлдегері.