Түріктің Sabah.com.tr порталы "Фенербахче" тәлімгерлерінің ішінде Мерих Демиралдың жолын кім қайталайды деген материал дайындапты. Бұл материалға енген ойыншылардың арасында қазақстандық Микаэль Асқаров бар.
22 жастағы Демирел - "Фенербахче" футбол клубының тәлімгері. Бірақ, ересекдер дуына Португалияда қосылды. 2018 жылы "Ювентус" бұл футболшыны 19 миллион еуроға сатып алды. Негізігі жас қорғаушы жаңа командасындағы карьерасын жақсы бастады. Италия біріншілігінде бес кездесуге қатысып, бір гол соқты. Бірақ, кейін ауыр жарақат алып қалды. Қазір емделіп жатыр.
Жоғарыдағы түріктің басылымы жасаған тізімде қазақтың ойыншысы, 17 жастағы Асқаровқа да орын бұйырыпты. Орайы түскенде айтайық, ол да сол қапталда өнер көрсететін ойыншы. Шымкент қаласында дүниеге келген. 2011 жылы ата-анасымен Түркияға көшіп кеткен.
Негізі Асқаровтың ұлты түрік. Бірақ, Қазақстан азаматтығы бар. 2018 жылы жолдастық кездесуде Қазақстан жасөспірімдер құрамасында ойнаған.