Мировой футбол
12 маусым 2020 13:07

Ван Дейк Салахтан озып "Ливерпуль" тарихына атын жазды

Вирджил ван Дейк. Фото: telegraph.co.uk©
"Ливерпуль" қорғаушысы Вирджил ван Дейк клубпен келісімшартын ұзартады, - деп хабарлайды "Чемпионат"


Футболшы АПЛ командасында қалу үшін "Пари Сен-Жермен" ұсынысынан бас тартқан. Ол клубпен бесжылдық келісімшарт жасаспақ. 

Жаңа келісімшарт бойынша оның жалақысы аптасына 245 мың еуро болады. Қазір ол аптасына 200 мың еуро алып жүр. 

Осылайша, ван Дейк "Ливерпуль" тарихындағы жалақысы ең көп футболшы атанады. Команданың мысырлық шабуылшысы Мохамед Салах қазір аптасына 222 мың еуро алады. 

Ван Дейк "Ливерпуль" сапында 2018 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін ол "Саутгемптон", "Селтик" және "Гронингеннің" намысын қорғаған.