ЦСКА Зайнутдиновты сатып алғаннан кейін тағы футболшымен құрамын толықтырды

Сурет ЦСКА сайтынан алынды.
МӘскеулік ЦСКА командасы құрамын тағы бір футболшымен толықтырды. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдиновты сатып алғаннан кейін команда Бразилия жастар құрамасының ойыншысы Бруно Фуксты алғанын хабарлады. 

21 жастағы Фукс сол қапталдағы қорғаушы. Зайнутдинов секілді ол да бес жылдық келісімшарт жасады.Осыған дейін Фукс өз отанында "Интернасионал" командасының намысын қорғаған. 

Еске салайық, ЦСКА сапына Зайнутдинов "Ростовтан" ауысып келді. Ол жалпы Ресей біріншілігінде 2019 жылдың басынан бері ойнап келеді. "Ростов" сапында отандасымыз 35 ойынға қатысып, төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берген. 

Зайнутдинов ЦСКА тарихында үшінші қазақстандық футболшы болды. 






Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты