ЦСКА жанкүйерлері Зайнутдиновтің бапкерін қызметінен кетуін талап етіп жатыр

Виктор Гончаренко. Сурет: ЦСКА©
Мәскеулік ЦСКА командасының жанкүйерлері стадионға баннер іліп, команданың бас бапкері Виктор Гончаренконы қызметінен кетуін талап етіп жатыр. 

Еске салайық, кеше ЦСКА командасы Ресей біріншілігінің 18-турында "Урал" командасымен 2:2 есебімен тең ойнады. 

Осы матч кезінде мәскеулік команданың жанкүйерлері "Гончаренко отставкаға кетсін" деген баннер ұстап отырды. 



Қазіргі уақытта ЦСКА командасы ішкі біріншілікте үшінші орында келеді. Бұл команда көш басында келе жатқан "Зениттен" төрт ұпай артта. Бұған дейін ЦСКА өз тобында соңғы орын алып, Еуро лигасынан да шығып қалды. 

Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА сапына тамызда ауысып келді. Оған дейін отандасымыз "Ростовтың" сапында өнер көрсеткен болатын. 


Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты