Мировой футбол
17 қазан 2017 17:17
 
"Тоттенхэм" басшылары Харри Кейнді сатуға дайын екінін айтты

  Пікірлер

blog.share

"Тоттенхэм" басшылары Харри Кейнді сатуға дайын екінін айтты ©Sports.ru

Ағылшындық "Тоттенхэм" клубының басшылары шабуылшы Харри Кейнді сатып алушылардан 222 миллион еуро талап етіп отыр. Осылайша клуб басшылары шабуылшыға қызығушылық білдіріп отырған клубтардың райынан қайтаруға ниетті. Бұл туралы The Times басылымы хабарлап отыр. 

Еске салайық, өткен жазғы трансферлік маусымда "ПСЖ" клубы "Барселонаға" 222 миллион төлеп, бразилиялық шабуылшы Неймарды сатып алды. Осылайша, футбол тарихындағы жаңа трансферлік рекорд орнатқан еді. 

Бұл рекордты "Тоттенхэм" басшылары да жаңартуға ниетті. Олар бүгінде Кейді 222 миллион еуроға бағалап отыр. 

Бұған дейін Харри Кейнге "Реалдың" көз тігіп отырғаны белгілі болған еді. Мадридтік клуб шабуылшы үшін 170 миллион еуро төлеуге дайын. Бұл сомманы "Манчестер Юнайтед" клубы беруге дайын. Бірақ "Тоттенхэм" басшылары бұл соммаға шабуылшыны сатуға қарсы. 

Айта кетейік, биылғы маусымда Кейн Ұлттық құрамасы мен клуб сапында 15 гол соқты. 

Жарнама

Живи спортом!