Мировой футбол
15 шілде 2018 13:16
 
Тибо Куртуа "Реалға" ауысуы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Тибо Куртуа "Реалға" ауысуы мүмкін © Media.az

"Челси" клубының және Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа мадридтік "Реалға" ауысу мүмкін екенін жасырмады. Бельгиялықтың келісімшарты 2019 жылы жазда аяқталады, - деп хабарлайды "Чемпионат"

"Қандай нұсқалар бары жайында агентіммен сөйлесіп көремін. "Челсиде" қала беруім де мүмкін. Адамдар әрдайым футболшылардың келісімшарттың шарттарын толық орындамайтынын айтып жатады, алайда барлығы емес қой. Маған Лондон ұнайды. Мен секілді тәжірибесі бар ойыншыны қосалқы ойыншылар қатарына қосып қояды деп ойламаймын. "Реалға" ауысуым мүмкін бе? Әрине мүмкін", - деп жазады Marca Куртуаның сөзін. 

Осыған дейін "Реал" клубының әкімшілігі Куртуаны алу үшін қақпашы Кейлор Наваспен қош айтысатыны жайлы айтқан еді. Мадридтік клуб 26 жастағы белгиялық үшін 35 миллион еуро төлейтіндерін де жасырмаған. 

Осы маусымда Куртуа барлық турнирлерде "Челси" үшін 47 ойын өткізді. Құрама сапында Куртуа әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 

Жарнама

Живи спортом!