"Шахтер" мен "Стяуа" арасындағы жауапты кездесу Қазақстанда өтпейтін болды

"Шахтер" мен "Стяуа" араcындағы Конференция лигасындағы жауапты кездесу Қазақстаннан тыс жерде өтеді. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады. 

Бұған себеп - Қазақстанның "қызыл аймаққа" кіруі. Румыния басшылығы "қызыл аймаққа" енген елдерден ұшып келгендерді екі апталық карантинге жабу туралы қаулы шығарған. Осыған байланысты "Стяуа" УЕФА-ға хат жазған. Ал Еуропа футбол одағы болса, жауапты кездесуде бейтарап алаңда өткізу туралы шешім шығарды. Бұл мәселе тіпті қаралмайды да. 

УЕФА жауапты матчті өткізуге 5 елді ұсынып отыр. Олар - Польша, Венгрия, Албания, Португалия және Грекия. Сонымен қатар басқа елді де таңдауға болады. Бірақ ол үшін екі команда келісіп алуы керек. "Шахтер" румындарға ойынды ең болмаса Ресейде өткізу туралы үсыныс айтқан. Бірақ "Стяуа" басшылығы келіспеген. 

Негізі румындар бұл мәселені бірінші ойынның алдында айтуы керек болатын. Сол кезде "Шахтер" де УЕФА-ға өтініш жазып, екі ойынды да бейтарап алаңда өткізуге болар еді. 

Бірақ румындар бұл туралы бірінші матч алдында айтпай, бүгін УЕФА-ға хат жазып, тосынсый жасап отыр. Енді қарағандылық команда жауапты кездесуді Қазақстаннан тыс жерде өткізеді. 

Еске салайық, "Шахтер" мен "Стяуа" арасындағы жауапты кездесу 29 шілде күні 20:00-де Қарағанды қаласында өтуі керек тұғын. Енді екінші кездесудің мәселесі бірер күнде шешіледі. Ал бірінші ойында біздің команда 0:1 есебімен ұтылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты