auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Сампаоли "Севильядан" кетіп, Аргентина құрамасын басқаруға келісімін берді

Осыған дейін, Аргентина құрамасының бас бапкері Эдгардо Бауса қызметінен кеткен еді.

Сампаоли "Севильядан" кетіп, Аргентина құрамасын басқаруға келісімін берді
©ESPN FC
Испаниялық "Севилья" бас бапкері Хорхе Сампаоли клубтан кетіп, Аргентина құрамасын басқаруға келісімін берді, - деп хабарлайды Marca.

Испаниялық басылым мәліметінше, Аргентина футбол ассоциациясының өкілдері Сампаолимен келіссөздер жүргізген, бапкер келісімін берген. Алдағы демалыс күндері маман АFА ұйымымен өзінің келісімшарты жайлы келіссөздер жүргізуі керек және "Севильядан" кетуі туралы айтуы тиіс.

Егер Сампаоли "Севильядан" осы маусымда кететін болса, 1,5 миллион еуро төлейді. Аргентиналық бапкердің "Севильямен" келісімшарты 2018 жылға дейін жасалған.

Осыған дейін, Аргентина құрамасының бас бапкері Эдгардо Бауса қызметінен босағаны туралы хабарланған болатын.

Баусаның басшылығымен құрама сегіз ойын өткізген (үш рет жеңіске жетті, екі рет тең ойнады, үш рет жеңіліс тапты). 2018 жылы өтетін әлем чемпионатында іріктеу кезеңінде Аргентина өз тобында тек бесінші орынға табан тіреген. 14 ойын өткізген Аргентина құрамасы небәрі 22 ұпай жинаған. Соңғы ойында аргентиналықтар Боливия командасынан 0:2 есебімен жеңілді.

59 жастағы Бауса Аргентина құрамасының бас бапкері болып 2016 жылы 1 тамызда тағайындалды.

Іріктеу кезеңінде Аргентина құрамасы келесі ойында Уругвай футболшыларымен 31 тамызда кездеседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар