Самир Насри төрт жылға футболдан шеттетілуі мүмкін
©:Football.ua
Түркиялық "Антальяспор" клубының франциялық жартылай қорғаушысы Самир Насри антидопингтік ережелерді бұзғаны үшін футболдан төрт жылға шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды AS порталы.
Өткен жылдың қаңтар айында испаниялық антидопинг агенттігі жартылай қорғаушыны допинг сынағынан өткізетіні туралы белгілі болған еді. Агенттік футболшыны Лос-Анджелестегі терапия дәрумендеріне арналған DripDoctors ауруханасында ем қабылдағаннан кейін тексету туралы шешім шығарды. Мұндай ем қабылдау жолдары спортшының қанына допинг түсіруі мүмкін.
Насри болса өз кезегінде Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) шағымданып, содан соң тергеу уақытша тоқтатылып қалған еді. Бірақ кейіннен CAS жартылай қорғаушының шағымын қабылдамағаны белгілі болды. СӨйтіп УЕФА 30 жастағы жартылай қорғаушыға қатысты тергеуді қайта бастады. Егер оның қанынан расымен рұқсат етілмеген дәрумен табылса, футболшы төрт жылға дейін футболдан шеттетілуі мүмкін.
Биылғы маусымда Насри "Антальяспор" сапында сегіз кездесу өткізіп, екі гол соқты.

Жарнама