Роналду ХХІ ғасырдағы ең үздік пенальти орындаушы атанды

Сурет: Reuters
ХХІ ғасырдағы ең үздік пенальти орындаушылардың көшін Португалия ұлттық құрамасы мен Туриннің "Ювентус" клубының шоқжұлдызы Криштиану Роналду бастап тұр.

Жаңа ғасыр табалдырықтан аттаған кезден бері түрлі жарыстарда өнер көрсеткен Роналду қарсыластар қақпасын 11 метрлік нүктеден 114 мәрте дәл көздеді. Бұл жағынан 35 жастағы сұрмергеннің алдына ешбір футболшы түсе алмайды. Екінші және үшінші орындарда – 2017 жылы спорттық карьерасын аяқтаған «Романың» капитаны, италиялық Франческо Тотти мен ұзақ уақыт бойы «Барселонаны» өрге сүйреп жүрген аргентиналық Лионель Месси. Олардың әрқайсысы 75 реттен пенальтиді мүлтіксіз орындады.

Сонымен қатар, үздіктер санатында Златан Ибрагимович (64 гол), Фрэнк Лэмпард (50), Эдинсон Кавани (48), Стивен Джеррард (46), Алессандро Дель Пьеро (44), Роналдиньо (44) және Серхио Агуэро (41) сынды саңлақтар бар.
Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты