Қазақстандық маман Григорий ЦСКА командасының бапкерлерінің қатарына қосылды. Бұл туралы мәскеулік команда өзінің ресми сайтында хабарлады.
Ол команданың бас бапкері қызметін уақытша атқарушы Алекскей Березуцкийге көмектесетін болады.
Еске салайық, Бабаян Қазақстанда маусым қызған шақта "Тобылдан" кетіп қалды. Ол қазір Аустрия жерінде оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқан ЦСКА командасының қатарында жүр. Орайы түскенде айта кетейік, ЦСКА сапында Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов те бар.