Мировой футбол
7 шілде 2020 18:35

"Реал" әлемнің ең қымбыт футболшысын тегін шақырудың амалын тапты

Килиан Мбаппе. Сурет: Reuters
Франциялық "Пари Cен-Жермен" клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе карьерасын Испанияда жалғастыруы мүмкін. 

El Chiringuito TV басылымының мәліметі бойынша, "Реал" 21 жастағы француз футболшысын команда қатарына қосудың жаңа жолып тауыпты. 

Мадридтік клуб Мбаппенің 2022 жылы келісімшарты аяқталған соң қатарына қосуды ойлап отыр. Егер осы уақытта француз келісімшарт жасайтын болса клуб оған 100 миллион еуро сыйақы беруге дайын. 

Биылғы маусымда Мбаппе 33 кездесуде 33 гол соғып, 17 нәтижелі пас берген. Ол әлемнің ең қымбат футболшысы. KPMG Football Benchmark мәліметі бойынша, оның құны 225 миллион еуро.