Мировой футбол
12 наурыз 2018 15:34
 
ПСЖ президенті Бразилияға барып, Неймарды командада қалу үшін көндіруге тырысады

  Пікірлер

blog.share

ПСЖ президенті Бразилияға барып, Неймарды командада қалу үшін көндіруге тырысады Неймар. Сурет: SportsJOE.ie

Франциялық "Пари Сен-Жермен" клубының президенті Нассер аль-Хелайфи команданың шабуылшысы Неймардың басқа командаға ауысады деген сыбысқа алаңдаулы, деп хабарлайды Telefoot порталы. 

Клубтың президенті спорттық директор Антеру Энрикемен бірге жуық арада Бразилияға барып, операциядан шыққан Неймардың жағдайын біліп, сөйлесіп қайтпақшы. 

ПСЖ басшысы Неймарды команда сапында қалуды көндіруді ойластырып отыр. Олар алдағы уақытта команда өзінің қалауы бойынша жасақталып, менеджерлер Неймардың тілектерін назарға алатынын түсіндіргісі келеді. 

Бұған дейін Неймардың париждік клубтан көңілі қалып, Испанияға қайта оралғысы келетіні туралы айтылған еді. БАҚ мәліметі бойынша, бразилиялық шабуылшы мадридтік "Реалға" ауысуға дайын. Сонымен қатар шабуылшы "Барселона" басшыларына Каталонияға қайта келуге қарсы емес екенін айтыпты. 

Жарнама

Живи спортом!