Мировой футбол
2 желтоқсан 2020 15:40

Өзбекстанда футболшылар мен жанкүйерлер төрешіні алаң ортасында сабап тастады

Сурет: twitter.com/azdnv

Футболдан Өзбекстанның Суперлигасына жолдама үшін "Нефтчи" мен "Турон" арасындағы матч даумен аяқталды. Футболшылар мен жанкүйерлер төрешілерді алаңның ортасында ұрып тастады, деп хабарлайды Eurosport порталы. 

Өзбекстаннің екінші лигасының аяқталуына бір тур қалғанда "Нефтчи" командасы көш бастап келе жатқан. Бұл команданың Суперлигаға жолдама алу үшін соңғы ойында тең ойнаса да жеткілікті еді. Бірақ "Туронмен" өткен кездесуде 0-1 есебімен жеңіліп, шыға алмай қалды. 

Ойын біткен соң бірден "Нефтчи" ойыншылары мен жанкүйерлер төрешілерге шабуыл жасады. Футболшылардың бірі екі аяқпен бас төрешіні теуіп құлатты. Содан соң да төрешілер біраз таяқ жеді. 

Төрешілер әупіріп жүріп қашып кетіп үлгерді. Содан соң полиция қызметкерлері келіп, төбелеске қатысқан адамдарды алып кетті. 



Айта кетейік, "Нефтчи" командасы Суперлигадан 2018 жылы шығып қалған еді. Бұл команда Өзбекстан біріншілігінде бес мәрте топ жарған.