Мировой футбол
23 қаңтар 2018 16:01
 
Неймар ПСЖ жанкүйерлеріне ренжіп қалыпты

  Пікірлер

blog.share

Неймар ПСЖ жанкүйерлеріне ренжіп қалыпты ©:Football.ua

ПСЖ шабуылшысы Неймар 25 ақпан күні Франция кубогы аясында "Генгам" клубына қарсы кездесуге қатыспауы мүмкін. 

Le Parisien басылымының хабарлауынша, бұған себеп шабуылшының жарақаты емес екен. Шынында Неймар ПСЖ жанкүйерлеріне ренжіп қалған көрінеді. 

Франция біріншілігінің соңғы турында "Дижонға" қарсы кездесуде Неймар пенальти тебу мүмкіндігін Каваниге бермей қойды. Егер бұл айып добын уругвайлық шабуылшы теуіп, сәтті орындағанда ол Златан Ибрагимовичтің рекордын қайталайтын еді. 

Осы жағдайдан кейін париждік клубтың жанкүйерлері Неймарға наразылықтарын білдіріп, ысқырған еді. Енді осы жағдайға байланысты шабуылшы алдағы кездесуге қатыспауы мүмкін. 

Дейтұрғанмен де бразилиялық футболшыға жақын дереккөздің айтуынша, шабуылшы алдағы кездесуге қатысуға ниетті. Себебі, осы кездесу және біріншіліктегі алдағы кездесудің қорытындысы бойынша клубтың бас бапкері Унай Эмери Чемпиондар лигасында өнер көрсететін құрамды жасақтайды. 

Ал жоғары болған жағдайды клуб басшылары өз ішінде шешкендей. Алайда, Неймарға қатысты тағы бір мәселе шығып тұр. Ол шабуылшыға "Реалдың" қызығушылық білдіріп отырған. Осыған байланысты енді клуб басшылары Неймардың командадағы жағдайын одан да жақсарта түсуге тырысып жатыр екен. 

Жарнама

Живи спортом!