Неймар даңқты Роналдоның рекордын бұзып, Пеленің көрсеткішіне жақындады

Неймар. Сурет: Footballhd.kz ©
"ПСЖ" шабуылшысы Неймар Перуға қарсы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында хет-трик жасап, Бразилия құрамасының үздік сұрмергендер тізімінде екінші орынға шықты.

Бразилия сырт алаңда Перуды 4:2 есебімен жеңді. 28 жастағы Неймар осы кездесуде хет-трик жасап, ұлттық құрамадағы 64-ші голын соқты, осылайша ол Роналдодан екі голға озып кетті. Бразилия тарихындағы ең үздік сұрмерген - 77 гол соққан Пеле.

Ойыннан кейін Неймар өзінің жетістігі туралы пікір білдірді. "Сізге деген құрметпен, сиқыршы"- деп жазды Неймар Роналдоның әлеуметтік желідегі суретінің астына.
Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты