Нәзік жанды футболшы ерлердің командасында ойнайтын болды

Эллен Фоккема Сурет: @WVHEDW
Эллен Фоккема деген бұрымды футболшы Нидерландының төртінші дивизионында өнер көрсететін "Фоарут" ерлер командасының ойыншысы атанды. Бұл туралы Нидерланды футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр. 

Федерацияның сайты хабарлаған ақпарат бойынша, 19 жастағы футболшы қызбен "Фоарут" командасы эксперимент жүзінде жазып отыр. Бұл келісімшарт арқылы олар футболдағы теңдік мәселесін шешуді ойластырып отыр. 

Фоккема бес жасынан бері командамен жаттығып жүргенін және федерациясының мұндай шешіміне қуанышты екенін айтты. "Менің командалас әріптестерім мұндай шешімді жақсы қабылдады. Олармен бірге ойнайтыныма олар да қуанды", - деді ол .

Айта кетейік, қазіргі уақытта Нидерландыда ерлер мен әйелдер бір командада тек 19 жасқа дейін ойнауға рұқсат етілген. Содан соң ерлер А категориясындағы командаларға ауысады. Ал әйелдер болса В категориясында ғана ойнай алады. 




Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты