Мировой футбол
25 қаңтар 2018 13:16
 
"МЮ" "Реал" үшін қақпашысын 100 миллион еуроға бағалап отыр

  Пікірлер

blog.share

"МЮ" "Реал" үшін қақпашысын 100 миллион еуроға бағалап отыр ©:Sky Sports

Мадридтік "Реал" ағылшындық "Манчестер Юнайтед" клубының қақпашысы Давид де Хеаға қайта қызығушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды Cadena Ser басылымы. 

Дереккөздің мәліметі бойынша, "карольдік клуб" қақпашының агенті Жорже Мендешті жазда қайта сатып алу үшін жұмыс істейтіндігі туралы айтып қойған. Ал "Манчестер Юнайтед" болса қақпашысы үшін 100 миллион еуро сұрап отыр. 

Негізі "Реал" бұған дейін де Де Хеаны сатып алғысы келген. Бірақ былтыр бағана күзетшінің "Реал" сапына ауысуына бір құжаттың дер кезінде жетпей қалуы себеп болған еді. Екінші жолы "Реалдың" бас бапкері Кейлор Навасты командада қалдырғысы келіп, басқа қақпашыны сатып алмауына байланысты Де Хеа өтпей қалды. 

Еске салайық, Де Хеа "МЮ" сапына 2011 жылы мадридтік "Атлетико" клубынан ауысып келді. Ол кезде ағылшындық клуб қақпашысы үшін 25 миллион еуроға шығындалған. Де Хеаның қазіргі уақытта "МЮ" клубымен 2019 жылдың жазына дейін келісімшарты бар. 

Жарнама

Живи спортом!