Мирча Луческу Түркия құрамасының тізгінін ұстады
Санк-Петерборлық «Зениттің» бұрынғы бас бапкері Мирча Луческу футболдан Түркия құрамасының тізгінін ұстады. Бұл туралы Түркия футбол федерациясының ресми сайты хабарлайды.
Бапкер мен федерация 2+1 жүйесі бойынша келісімшартқа қол қойыпты. Румын маманы қызметі келер аптаның басынан бастап өз қызметіне кіріседі.
Еске салайық, өткен аптаның соңында Түркия футбол федерациясы құрама тізгінін 2013 жылдан бері ұстап келген даңқты бапкер Фатих Теримнің қызметінен кеткенін хабарлаған болатын. Федерация мен бапкері екіжақты келісімшартты бұзған.
Содан соң бұл қызметке француз маманы Лоран Бланның келетіні айтылған еді. Бірақ бапкер мен федерация басшылары келісімге келе алмаған.
Мирча Луческу өткен жылы ресейлік «Зенит» клубының бас бапкері болған еді. Ол питерлік клубпен Ресей біріншілігінде үшінші орын алып, маусым соңында қызметінен қуылды. «Зенитке» дейін 72 жастағы маман 12 жыл бойы донецкінің «Шахтерін» баптап, 8 рет Украина чемпионы, 6 рет Украина кубогын және бір рет УЕФА суперкубогын жеңіп алды.

Жарнама