Месут Озил MLS клубымен келіссөздер жүргізуде

"Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Месут Озил MLS-те өнер көрсететін "Ди-Си Юнайтедпен" келіссөздер жүргізуде,- деп хабарлайды Football.London. Дереккөздің хабарлауынша, америкалық клуб 32 жастағы неміс футболшысына қаржылық жағынан өте тиімді келісімшарт ұсынды. Жоғары жалақыдан басқа, клуб Озилге өзінің M10 брендін ілгерілетуге көмектесуге дайын.

Озил "Арсеналдың" Премьер-лиганың бірінші жартысына арналған құрамға кірген жоқ. Соңғы апталарда футболшы негізгі құрамнан бөлек жаттықты. Оның "Арсеналмен" келісімшарты маусым айында аяқталады.

Озилдің жалақысы аптасына 395 мың еуроны құрайды. Желтоқсан айында "зеңбірекшілердің" бас бапкері Микель Артета жартылай қорғаушының құрамға қайта оралу мүмкіндігін жоққа шығармады. Озил "Арсеналда" 2013 жылдың жазынан бері ойнап келеді. Ол клуб сапында 2020 жылдың наурызынан бері ойнаған жоқ.
Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты