Месси мен Роналдудан озып кетті. Еуропаның үздік футболшысы анықталды

Роберт Левандовски. Сурет: ©Reuters
Коронавирус індетіне байланысты тоқтап, қайта басталған Еуропа біріншіліктерінің үздік футболшысы болып "Баварияның" шабуылшысы Роберт Левандовски атанды, деп хабарлайды Bleacher Report

Қайта басталған біріншіліктің 10 кездесуінд польшалық шабуылшы 12 гол соқты. Екінші орында аргентиналық шабуылшы Лионель Месси тұр. "Барселона" капитаны жеті кездесуде үш гол соғып, жеті нәтижелі пас берген. Үздік үштікті "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне түйіндеді. Бельгиялық футболшы алты ойында төрт гол соғып, бір гол пасын берген. "Ювентустің" шабуылшысы Криштиану Роналду оныншы орында. Оның ешісінде алты ойында төрт гол бар. 

Рейтингтің толық тізімі төменде:

1. Роберт Левандовски ("Бавария") - 10 ойын, 12 гол
2. Лионель Месси ("Барселона") - 7 ойын, 3 гол және 7 нәтижелі пас
3. Кевин Де Брейне ("Манчестер Сити") - 6 ойын, 4 гол және1 нәтижелі пас
4. Карим Бензема ("Реал") - 7 ойын, 3 гол және 1 нәтижелі пас
5. Серхио Рамос ("Реал") - 7 ойын, 5 гол
6. Давид Алаба, ("Бавария") - 10 ойын
7. Бруну Фернандеш ("Манчестер Юнайтед") - 5 ойын, 4 гол және 2 нәтижелі пас
8. Кай Хаверц ("Байер") - 9 ойын, 7 гол
9. Томас Мюллер ("Бавария") - 10 ойын, 5 нәтижелі пас
10. Криштиану Роналду ("Ювентус") - 6 ойын, 4 гол.

Еске салайық, Еуропа біріншіліктері кононавирус індетіне байланысты тоқтап қалған еді. Пандемияға байланысты Қазақстан чемпионаты да тоқтады. 


Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты