Месси дубль авторы атанып Аргентина құрамасы сапында рекорд орнатты

Лионель Месси. Сурет: Reuters©

Аргентина құрамасы Америка кубогінің топтық кезеңінің соңғы ойынында Боливия құрамасын жеңді. 

Куяба қаласындағы "Арена Пантанал"  стадионында өткен ойын 4:1 есебімен аргентиналықтардың пайдасына аяқталды. Аргентина сапында Лионель Месси дубльдің авторы атанса, Алехандро Гомес пен Лаутаро Мартинес бір-бір голдан соқты. Ал Боливия құрамасы сапындағы жалғыз голды Эрвин Сааведра салды. 

Сондай-ақ бұл кездесуде Месси бір голдық пас берді. Айта кетейік, бұл Леоның ұлттық құрама сапында 148 кездесуі болатын. Месси бұл көрсеткіш бойынша 147 ойын өткізген Хавьер Маскераноның рекордын бұзды. 

Осылайша, Аргентина құрамасы Америка кубогі додасының топтық кезеңінде 10 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты. Сонымен қатар А тобынан Уругвай (7), Парагвай (6) және Чили (5) құрамалары келесі кезеңге өтті. Боливия құрамасы болса соңғы орын алып, жарысты аяқтады. 

Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты