Луис Суарес Лионель Мессидің тарихи рекордын бұзды

33 жастағы уругвайлық шабуылшы Луис Суарес Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің 1-турында Чили құрамасына гол соғып, әсерлі статистикалық жетістікпен ерекшеленді.

MisterChip твиттерінде хабарлағандай, Луис Суарес өзінің 22-ші голын соғып, Аргентинаның шабуылшысы Лионель Мессиді (21 гол) басып озды, осылайша, әлем чемпионатына іріктеу кезеңі тарихындағы ең үздік сұрмерген болды (Оңтүстік Америка бойынша).

Месси мен Суарес "Барселонада" 2014 жылдан 2020 жылға дейін бірге ойнаған. 33 жастағы уругвайлық шабуылшы "Атлетико Мадридке" ауысты. Өткен маусымда ол клубтық деңгейдегі барлық турнирлерде 36 матч өткізіп, 21 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. Ол Каталониялық клубпен бірге 13 кубок жеңіп алды, оның ішінде Чемпиондар Лигасының жеңімпазы және төрт рет Испания чемпионы атанды.
Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты