Луи ван Гал карьерасын аяқтады
Ағылшынды "Манчестер Юнайтед" пен Голландия құрамасының бас бапкері Луи ван Гал бапкерлік карьерасын аяқтады.
Ағылшынды "Манчестер Юнайтед" пен Голландия құрамасының бас бапкері Луи ван Гал бапкерлік карьерасын аяқтады.
"Бапкерлікпен қош айтысуды өткен жылы ойлаған едім. Бірақ, кейін шамалы демалыс алдым. Соңсоң бапкерлікке қайта оралмайтыным туралы түбегейлі шешім қабылдадым. Соңғы кездері менің отбасымда көптеген жағдайлар болды. Мұның бәрі маған бір белгі болғандай көрінді. Сондықтан да мен бапкерлікпен қош айтысып, отбасыма көңіл бөлуді қаладым", - деп келітіреді оның сөзін Goal.com порталы.
Айта кетейік, 65 жастағы маманның соңғы жұмыс орны ағылшынның "Манчестер Юнайтеді" болған еді. Алайда, бұл клубта бапкер жақсы нәтиже көрсете алмады. Сол үшін де оны 2016 жылы клуб басшылары қызметінен босатты.
Одан кейін маманға Қытай клубтарының бірі 50 миллион еуромен үш жылдық келісім-шарт ұсынды. Дегенмен де, ван Гал бұл ұсыныстан да бас тартты.
30 жылғы созылған бапкерлік карьерасында ол "Аякспен" бірге Голландия біріншілігін үш рет, "Барселонамен" Испания біріншілігін екі рет, "Бавариямен" бір мәрте Германия чемпионы атанған. Сонымен қатар, "Аякспен" ол Чемпиондар лигасы мен УЕФА кубогін, "Барселона" және "Аякспен УЕФА Суперкубогі мен тағы бірнеше мәртебелі турнирлерде топ жарған.
Подробнее: http://vesti.kz/mirfutbol/231062/
Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на Vesti.kz
Жарнама