L'Equipe жылдың үздік құрамын жариялады. Тізімде Месси жоқ

Лионель Месси. Сурет: Reuters©
L'Equipe басылымы 2020 жылдың қорытындысы бойынша үздік ойыншылардан жасақталған символикалық құрамды ұсынды.

"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси командадан орын таба алмады. Ал "Баварияның" бес бірдей ойыншысы құрамға енген, себебі олар соңғы 12 айда бес кубок жеңіп алды. Чемпиондар лигасының финалында мюнхендік клубқа қарсы ойнаған "Пари Сен-Жерменнен" бұл құрамаға бір ғана ойыншы кірді.

2020 жылдың үздік құрамы төмендегідей:

Қақпашы: Мануэль Нойер ("Бавария")

Қорғаушылар: Трент Александр-Арнольд, Вирджил ван Дейк (екеуі де "Ливерпуль"), Серхио Рамос ("Реал Мадрид"), Альфонсо Дэвис

Жартылай қорғаушылар: Йозуа Киммих (екеуі де "Бавария"), Тиаго Алькантара ("Бавария" / "Ливерпуль"), Кевин Де Брюйне ("Манчестер Сити") - Неймар ("Пари Сен-Жермен"),

Шабуылшылар: Роберт Левандовски ("Бавария"), Криштиану Роналду ("Ювентус")
Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты