Құрбан Бердиев Ресей құрама командасының тізгінін ұстауы мүмкін

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Қазіргі уақытта "Қайрат" командасының кеңесшісі Құрбан Бердиев жуық арада Ресей құрамасының бас бапкері атануы мүмкін. 

"Вы кого мне притащили?!" телеграмм каналаның ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Ресей футбол одағы Бердиевтің кандидатурасын қарастырып жатыр екен. Келісімшарт 2022 жылғы әлем чемпионатының соңына дейін жасалуы мүмкін. Содан кейінгі жағдай Катардағы турнирден кейін белгілі болады. 

Бердиевтің Ресей құрамасы сапындағы жалақысы Еуро-2020 турнирінен кейін қызметінен босатылған Станислав Черчесовтің айлығынан айтарлықтай аз болады. Бірақ егер Ресей құрамасы әлем чемпионатының іріктеуінде сәтті өнер көрсетсе, сыйақылар беріледі. 

Еске салайық, "Қайрат" командасына Бердиев мамыр айында келген еді. Ол алматылық клубта үш бағытта жұмыс істейді. Тарқатып айтсақ, маман "Қайраттың" негізгі командасында және Академиясында сонымен қатар "Қайрат-Мәскеу" командасында кеңесші. 

 

Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты