Коронавирустан емделіп шыққан футболшы жеті минутта үш гол соқты

Маруан Феллайни. Сурет: goal.com©

Бельгия құрамасы мен "Манчестер Юнайтед" клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Маруан Феллайни қытайлық "Шаньдун Лунэн" сапында хэт-трик жасады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қытай чемпионатының бірінші турында оның командасы "Далянь Про" ұжымын 3:2 есебімен жеңді. Феллайни 79, 83 және 86 минуттарда гол соғып, хэт-триктің авторы атанды. Алаң қожайындары сапында 57 минутта  Саломон Рондон, 93 минутта Маркус Даниэльсон көзге түсті. 



33 жастағы Феллайни "Шаньдун Лунэн" сапына 2019 жылдың ақпан айында "МЮ" сапынан ауысты. Оның трансферлік құны сол кезде 10 миллион фунт болды. Өткен жылы жартылай қорғаушы Қытай біріншілігінде 22 кездесуге қатысып, сегіз гол соқты. Оның командасы бесінші орын алған еді. 

Айта кетейік, наурыз айында Феллайнидің коронавирус жұқтырғаны анықталған болатын. Ол қытайлық емханалардың біріне жатып, вирусты жеңіп шықты. 

Негізі, Қытай біріншілігі 22 ақпан күні басталу керектұғын. Бірақ пандемияға байланысты біріншілік бес айға кешігіп басталды. 




 

Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты