Қазақстандық бапкердің командасы Чемпиондар лигасынан шығып қалды

Сурет "Судува" сайтынан алынды.

Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жаттықтыратын литвалық "Жальгирис" командасы Чемпиондар лигасынан шығып қалды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің екінші ойынында "Жальгирис" өз алаңында венгриялық "Ференцварош" командасын қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал бірінші ойында венгриялық ұжым 2:0 есебімен ұтқан болатын. Сөйтіп екі ойынның қорытындысы бойынша "Ференцварош" келесі кезеңге шықты. 

"Жальгирис" болса енді Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде ойнайды. Қарсылас та белгілі. Ол прагалық "Спарта" ұжымы. 

Еске салайық, бүгін Чемпионар лигасы екінші кезеңіндегі жауапты кездесуін "Қайрат" та өткізеді. Алматылық ұжым Белград қаласында "Црвена Звезда" клубына қарсы шығады. Бұл командалар арасындағы бірінші кездесу 2:1 есебімен "Қайраттың" пайдасына аяқталды. Кездесудің тікелей трансляциясын мына жерден көре аласыздар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты