Мировой футбол
14 шілде 2021 16:45

Қазақстандық бапкер еуропалық клубты ЧЛ-ның екінші кезеңіне шығарды

Сурет "Жальгирис" сайтынан алынды.

Қазақстандық бапкер жаттықтыратын литвалық "Жальгирис" командасы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Жауапты кездесуде "Жальгирис" командасы сырт алаңда солтүстікирландиялық "Линфилд" командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Литвалық клуб сапында Саулюс Миколюнас (17-минут) және Онеьи Онази (44-минут) гол соқса, алаң қожайындары сапынан Крис Шилдс (66-минут, пенальти) көзге түсті.

Чебуриннің командасы бұл ойынды тоғыз футболшымен аяқтады. 64-минутта Эльхаджи Пап Диау және 89-минутта Каролис Узела қызыл қағаз алды.

Еске салайық, Литвада өткен бірінші кездесу 3:1 есебімен аяқталған еді. Осылайша екі ойынның қорытындысы бойынша "Жальгирис" жеңіске жетіп, келесі кезеңге шықты.