Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Бернд Шторк Венгрия құрамасынан кетті
© РИА Новости. Григорий Сысоев
2008 жыл мен 2010 жылдар аралығында футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болған неміс маманы Бернд Шторк Венгрия құрамасынан кетті. Бұл туралы Венгрия футбол федерациясының ресми сайты хабарлайды.
Венгрия құрамасы 2018 жылғы әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шыға алмады. "В" тобында өнер көрсеткен венгрлер 10 ойыннан қорытындысы бойынша, 13 ұпай жинап, Швейцария мен Португалияны алға жіберіп қойды. Осы ірктеу кезеңінен кейін Венгрия футбол федерациясы неміс маманын қызметінен босатты.
Айта кетейік, Шторк Венгрия құрамасының тізгінін 2015 жылы ұстап, құраманы 2016 жылы Франция жерінде өткен Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне алып шықты. "Қарт құрлықтың" басты додасында венгрлер 1/8 финалда Бельгия құрамасына жеңіліп қалды.
54 жастағы маман қазақ жанкүйерлеріне де жақсы таныс. Ол 2008 жылы алдымен "Алма-Ата", кейіннен Қазақстан жастар құрамасы, Қазақстан ұлттық құрамасы және "Цесна" клубтарының бас бапкері болған.

Жарнама