Қазақстан жастар құрамасын Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын болды

Сурет: ҚФФ
Жаңа іріктеу кезеңінде жастар құрамасын Қайрат Нұрдәулетов басқаратын болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр. 

Қайрат Нұрдәулетов қызылжарлық «Есіл-Богатырь», алматылық «Қайрат», қостанайлық «Тобыл», елордалық «Астана», қызылордалық «Қайсар» командаларының намысын қорғады.

2003-2013 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасында 35 матч өткізіп, ұзақ уақыт капитан болып сайланды.

Өткен жылдары Қазақстан футбол федерациясынды қызмет атқарды. Ең алдымен жастар құрамасы аға жаттықтырушысының көмекшісі, кейін ҚФФ құрама командалары департаментінің директоры болып еңбек етті.
Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты