Мировой футбол
13 қараша 2020 14:50

"Қайраттың" бұрынғы бапкері Вайс Грузия құрамасынан кетті

Сурет: sputnik-georgia.com©
Алматылық "Қайраттың" бұрынғы бапкері, 56 жастағы словакиялық маман Владимир Вайс Грузия құрамасының бас бапкері қызметінен кетті,- деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

Бас бапкер Грузия құрамасы Еуро-2020 турнирінің финалдық кезеңіне шыға алмауына байланысты қызметінен кетіп отыр. Кеше Грузия құрамасы өз алаңында Солтүстік Македониямен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Вайстың құрамасы Еуропа біріншілігіне жолдама ала алмай қалды. 

"Менің жұмысым аяқталды. Менің келісімшартым да мерзіміне жетіп отыр. Грузиялық жанкүйерлерге, ойыншыларға және тілшілерге алғысымды айтқым келеді. Өкінішке қарай, біз тапсырманы орындай алмадық", - деді Вайс баспасөз жиыны кезінде. 

Еске салайық, ол Грузия құрамасының тізгінін 2016 жылдың наурыз айында ұстады. Оның келісімшарты 2020 жылдың соңында аяқталатын еді. Ал 2013 және 2015 жылдар аралығында Вайс "Қайрат" командасының бас бапкері болған.