Мировой футбол
7 ақпан 2017 11:31
 

"Қайраттың" бұрынғы бапкері Ресей футбол одағының директоры болуы ықтимал

  Пікірлер

blog.share

"Қайраттың" бұрынғы бапкері Ресей футбол одағының директоры болуы ықтимал ©fckairat.com

Алматылық "Қайраттың" бұрынғы бапкері Александр Бородюк Ресей футбол одағының спорт директоры қызметіне тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы "Известия" хабарлайды. 

Басылымның мәліметі бойынша, одақ өкілдері 54 жастағы маманмен келіссөз жүргізіп, келісімге келіп қойған екен. Бірақ нақты шешімді Ресей футбол одағының президенті Виталий Мутко қабылдайды. 

Айта кетейік, Бородюк Ресей футбол одағының жүйесінде 2002-2012 жылдар аралығында 10 жыл жұмыс істеген. Бұл уақыт аралығында ол Валерий Газзаев, Георгий Ярцев, Юрий Семин, Гус Хиддинк, Дик Адвокат секілді мамандардық көмекшісі болған. 2006 жылы Семиннің қызметінен кеткенінен кейін уақытша бас бапкер қызметін атқарып, екі жолдастық кездесу өткізген. 

Ал бұған дейін Бородюктің Ресей жастар құрамы мен Беларусь құрамасын жаттықтырады деген мәлімет шыққан еді. 

Еске салайық, 54 жастағы маман 2016 жылдың басында "Қайрат" командасының бас бапкері қызметін атқарған. Ол алматылық командамен Суперкубокты жеңіп алды. Бірақ небәрі үшінші турдан кейін қызметінен қуылды. 

blog.share
Алматылық "Қайраттың" бұрынғы бапкері Александр Бородюк Ресей футбол одағының спорт директоры қызметіне тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы "
Известия" хабарлайды. 

Басылымның мәліметі бойынша, одақ өкілдері 54 жастағы маманмен келіссөз жүргізіп, келісімге келіп қойған екен. Бірақ нақты шешімді Ресей футбол одағының президенті Виталий Мутко қабылдайды. 

Айта кетейік, Бородюк Ресей футбол одағының жүйесінде 2002-2012 жылдар аралығында 10 жыл жұмыс істеген. Бұл уақыт аралығында ол Валерий Газзаев, Георгий Ярцев, Юрий Семин, Гус Хиддинк, Дик Адвокат секілді мамандардық көмекшісі болған. 2006 жылы Семиннің қызметінен кеткенінен кейін уақытша бас бапкер қызметін атқарып, екі жолдастық кездесу өткізген. 

Ал бұған дейін Бородюктің Ресей жастар құрамы мен Беларусь құрамасын жаттықтырады деген мәлімет шыққан еді. 

Еске салайық, 54 жастағы маман 2016 жылдың басында "Қайрат" командасының бас бапкері қызметін атқарған. Ол алматылық командамен Суперкубокты жеңіп алды. Бірақ небәрі үшінші турдан кейін қызметінен қуылды. 

Жарнама

Живи спортом!