Мировой футбол
17 қазан 2017 14:46
 
Кавани Неймармен болған жанжалдан кейін "ПСЖ" сапынан кетуге ниетті

  Пікірлер

blog.share

Кавани Неймармен болған жанжалдан кейін "ПСЖ" сапынан кетуге ниетті Сурет: Getty Images

Париждік "ПСЖ" клубының шабуылшысы Эдисон Кавани командаласы Неймармен болған жанжалдан кейін клубтан кетуге ниетті. Бұл туралы Eurosport басылымы Manchester Evening News порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Порталдың мәліметі бойынша, уругвайлық шабуылшы "ПСЖ" сапынан алдағы трансферлік маусым кезінде ауысып кетуге ниетті. Каваниді қазіргі уақытта "Реал", Манчестер Юнайтед" және "Эвертон" секілді клубтар сатып алуға ниетті. Бірақ футболшының өзі "Манчестер Сити" сапына ауысқысы келеді. 

"ПСЖ" басшылары болса қазіргі команданың Неймардың маңында құруды ойластырып отыр. Ал бразилиялық шабуылшы болса Каваниді сатып жіберуді талап етуде. 

Еске салайық, Кавани мен Неймар Франция біріншілігінде "Лионмен" өткен ойында бірнеше рет пенальти тебу кезінде таласып қалды. Содан соң шет елдік БАҚ-да бразилиялық пен уругвайлық шабуылшылардың киім ауыстыратын бөлмеде төбелесіп қалғаны туралы ақпарат шыққан еді. 

Жарнама

Живи спортом!