Катардағы стадиондарды салу барысында 67 адам қайтыс болыпты
2020 жылдың 16 шілдесінен 15 қарашасына дейін 2022 жылғы Әлем чемпионатына арналған нысандарды салу кезінде Катарда Непалдан келген 67 мигрант қайтыс болды,- деп хабарлайды Daily Mail.
Дереккөздің айтуынша, жұмысшылардың өліміне коронавирус пандемиясы себеп болған. Өлім санының көптігіне қарамастан, ұйымдастырушылар қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдаудан бас тартып отырғаны хабарланды.
Непалдың мыңдаған тұрғыны Катарға 2022 жылғы Әлем чемпионатына арналып салынып жатқан нысандарда жұмыс істеуге кеткені атап өтілді. Сонымен қатар, көптеген отбасылар қайтыс болған туыстарының денелерін бірнеше ай бойы ала алмады, өйткені карантиндік шараларға байланысты елдер арасындағы әуе қатынасы шектеулі болды. Шамамен 24 отбасы Катардағы туыстарын өртеуге рұқсат берді.
Еске салайық , 18 желтоқсанда Катарда 2022 жылғы әлем чемпионатына арналған төртінші стадионның ресми ашылу рәсімі өткен еді.

Жарнама