Қарағандылық "Шахтер" Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты

Сурет "Шахтер" сайтынан алынды.

Қарағандылық "Шахтер" Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі румыниялық "Стяуаны" жеңіп үшінші кезеңге өтті. 

Арменияда өткен кездесудің басында қарағандылық команда гол салып, екі матч қорытындысы бойынша есепті теңестірді.

Матчтың 76-минутында номиналды қонақтар таразы басын теңестірсе, ойынның қосымша уақытында "кеншілердің" шабуылшысы Айдос Тәттібаев командасына овертаймда ойнауға мүмкіндік сыйлады. 

Пенальти сериясында Игорь Шацкийдің бір сейві мен пенальти орындаушылардың мүлт кетпеуінің арқасында қарағандылық ұжым Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. 

"Шахтер" (Қарағанды, Қазақстан) – "Стяуа" (Бухарест, Румыния) – 2:1 (пенальтиден 5:3)

Голдар: Махаил Габышев 11, Айдос Тәттібаев 91 - Флоринель Коман 76

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты