Испаниялық клубтың 23 жастағы футболшысы жол апатынан қайтыс болды

Сурет: record.pt
Испаниялық "Атлетик" командасының 23 жастағы футболшысы Айтор Гандиага жол апатынан қайтыс болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Mundo Deportivo ақпараты бойынша, жол апаты 3-қаңтар күні Маркина-Хемейн қаласында болған. Футболшы басқарып отырған Peugeot автокөлігі Scania автобусына соғысқан. Жартылай қорғаушы оқиға болған жерде қайтыс болған. Жол апатының салдары әлі анықталып жатыр. 

"Атлетик" командасы футболшыны тұрақты ойын тәжірибесін жинау үшін "Герник" командасына жіберген. 

Бұл оқиғаға байланысты "Атлетиктің" ойыншылары Икер Муньяин мен Ибай Гомес футболшының отбасына көңіл айтты. 







Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты