Биыл ақпан айында Касилья Испания футбол федерациясының президенті болуға үміткер болатынын айтты. Бірақ маусым алдында сайлауға қатысудан бас тартты.
"Бүгін мен карьерамдағы ең қиын әрі ең маңызды шешімдердің бірін қабылдадым. Мен футболмен қоштасуды жөн көрдім. Футболдағы алғашқы қадамды 30 жыл бұрын жасаған едім. Ұзақ әрі қызық жолды жүріп өттім. Тегілген тер мен жасалған еңбектің барлығы зая кетпеді айта аламын.
Мен өмірде жолы болған адамдардың қатарынанмын. Мен тек жүлдені айтып отырған жоқпын. Сондай-ақ жанымада болған кісілер жайлы айтып тұрмын. Бүгін мен үшін қиын күні. Бірақ қайғылы емес, Мен футболдан барлығын алдым. Сондықтан өзімді бақытты адаммын деп санаймын. Дегенмен бұл соңғы нүкте емес. Саяхат әлі жалғасады. Жақында қайта қауышатынымызға сенімдімін", - деді Касильяс.
39 жастағы қақпашы карьерасында тек екі ғана клубта ойнаған. 1998 жыл мен 2015 жылдар аралығында ол "Реал" сапында ойна, 510 кездесуге қатысты. Соан соң "Порто" командасына ауысты.
Клубтық деңгейде Касилья 22 жүлде жеңіп алған. Ол бес рет Испания чемпионы, үш рет Чемпиондар лигасын, екі рет Испания кубогін жеңген. Сонымен қатар ол екі рет Португалия чемпионаты мен кубогін жеңген.
Испания құрамасында ол 167 кездесуге қатысқан. Ол көп жылдар бойы құрамасында ең көп өткізген ойыншы атанып келді. Биыл ғана бұл рекордты Серхио Рамос бұзды. Ол 170 кездесу өткіді. Ұлттық құрамасымен бірге Касильяс 2008 Және 2012 жылғы Еуропа біріншілігін және 2010 жылғы әлем чемпионатында топ жарған.