Григорий Бабаян ба? ЦСКА командасының бас бапкері анықталды

Сурет "Астана" сайтынан алынды.

ЦСКА командасының бас директоры Роман Бабаев команданың бас бапкері кім болатынын айтты. 

Алдағы уақытта мәскеулік команданы Алексей Березуцкий жаттықтыратын болады. Бірақ команданың бұрынғы ойыншысы бас бапкердің қызметін атқарушы деген атақпен жүреді. 

"Березуцкий карьерасын аяқтағаннан кейін барлық уақытын ЦСКА-ға арнады. Ешқайда кетпеді. Бапкерлер қосынында жұмыс істеді. Онымен ақылдастып та тұрдық. Сондықтан да команда басшылары оның кандидатурасын бірден қабылдады. Дегенмен спортта көп нәрсе нәтижеге байланысты. Алексейдің көрсеткіші жақсы болады деп сенеміз. Сол үшін де басқа бапкер іздеп жатқан жоқпмыз", - деді ол "Спорт Экспресс" басылымына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, бұған дейін дәл осы "СЭ" басылымы қостанайлық "Тобылдың" бұрынғы бапкері Григорий Бабаянның Аустрияда дайындалып жатқан ЦСКА ойыншыларына көмекші ретінде таныстырылғанын хабарлады. 

 

Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты