Мировой футбол
12 наурыз 2018 13:34
 
Грекияда голды есепке алмаған төрешіні клубтың қожайыны тапаншамен қорқытты

  Пікірлер

blog.share

Грекияда голды есепке алмаған төрешіні клубтың қожайыны тапаншамен қорқытты © REUTERS/ Eurokinissi

Грекия біріншілігінде ПАОК пен АЕК арасындағы ойын жанжалмен аяқталды. Бұл туралы "Р-Спорт" хабарлап отыр. 

Салоникада өткен 25-тур ойыны аяқталмай қалды. Кездесудің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда ойын тоқтатылды. Оған себеп ПОАК клубының соңғы минуттарда соққан голы болды. Бірақ бұл голды кездесудің төрешісі Георгиос Коминис есепке алмады. 

Алаң қожайындары төрешінің бұл шешімімен келіспей, ойынды жалғастырудан бас тартты. Алаңға екі клубтың басшылары шығып кетті. Нақтырақ айтатын болса, алаңға ПАОК қожайыны Иван Саввиди шықты. Осы кезде фотографтар ол алаңға тапаншамен шыққаннын түсіріп алған. 

АЕК ойыншылары болса бірден алаңнан кетіп қалды. Кейінірек афиналық клубтың өкілдері Саввидидің төрешіге қоқан-лоқылық жасағанын айтты. АЕК өкілдері оның астаналық клубтың директоры Василис Димитриадисті де қорқытқанын айтады. Ойыннан кейінгі хаттамада тек Саввидінің сөзі ғана емес, басқа адамдардың сөзі көрсетілген. Кәугерлердің айтуынша, ФИФА-ның бұрынғы төрешісі, қазіргі ПАОК клубының спорттық директоры қызметін атқарып отырған Любош Михел төрешіге "Шаруаң бітті", - дегені туралы жазылған. 

Нәтижесінде бас төреші Коминос шешімін өзгертіп, гол есепке алды. Бірақ төреші АЕК футболшыларын алаңға қайтып алып келе алмады. Олар ойынның аяқталуына екі минут қалғанда түгелімен алаңнан кетіп қалды. 

Бұл жағдайға байланысты соңғы шешім Грекия футбол федерациясы төрешіден толық есеп алғанда ғана шығады. 

Жарнама

Живи спортом!