Мировой футбол
22 мамыр 2018 09:41
 
Граизманн "Барселонаға" өтуден бас тартып, "Атлетикода" қалатын болды

  Пікірлер

blog.share

Граизманн "Барселонаға" өтуден бас тартып, "Атлетикода" қалатын болды Анутан Гризманн. stadiumastro.com

Футболдан Франция құрамасының шабуылшысы Антуан Гризманн каталониялық "Барселона" клубына ауысудан бас тартып, мадридтік "Атлетико" клубы сапында қала беретін болды. Бұл туралы Marca хабарлап отыр. 

Басылымның мәліметі бойынша, Испания біріншілігінің 38-турында "Эйбарға" (2:2) қарсы кездесудің алдында Гризманн клуб басшылар мен бас бапкер Диего Симеонеге Мадридте қала бергісі келетіні туралы айтқан. Бірақ екі тарап бұл ақпаратты көпшілікке жария етпеуге келіскен. Себебі, бұл ойында команда тарихындағы ең жас капитан болған Фернандо Торрестің соңғы ойыны өткен. 

Дегенмен де Гризманн жанкүйерлердің әрекетіне байланысты өзінің бұл шешімін өзгертуі мүмкін. Өйткені, команда жанкүйерлерінің басым бөлігі Гризманның "Барселонаға" ауысуы мүмкін деген ақпараттан кейін, шабуылшыға наразылықтарын білдірген. 

"Атлетико" болса жылдың басында "Барселона" клубын Гризманның трансфері туралы көпшілікке жаррия етіп жіберді деп айыптады. Содан соң көптеген жанкүйерлер франциялық шабуылшының шамына тиген. 

Қазірше Гризманның алдағы уақытта карьерасын қайда жалғастыратыны туралы нақты ақпарат жоқ. Тіпті оның қасындағылар да футболшының болашағы туралы нақты ешнәрсе білмейді. Біреулер оны команда ауыстырады десе, әйелі Мадридте қалады деп отыр. 

Бұған дейін БАҚ беттерінде Гризманның "Барселона" клубымен бес жылдық келісімшарт жасағаны туралы мәліметі шыққан еді. Оның жалақысы 15 миллион еуро болады делінген еді. Мұндай жалақымен ол Мессиден кейінгі ең жоғары жалақы алатын екінші футболшы атанатын еді. Гразманның трансфері 100 миллион еуроға бағаланған. 

"Атлетико" сапында Гризманн 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Биылғы маусымда ол мадридтік команда сапында 42 кездесуге қатысып, 29 гол соққан. 

Жарнама

Живи спортом!