Голландия құрамасының футболшысы төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Мәскеулік “Спартактың” бұрынғы футболшысы, “Аякстың” қазіргі жартылай қорғаушысы Куинси Промес бүгін таңда қамауға алынды, деп хабарлайды De Telegraaf.
Промес пышақпен ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен ұсталды. Нидерланды құрамасының ойыншысымен болған жағдай шілде айының соңындағы отбасылық кеште орын алған.
Тергеушінің нұсқасы бойынша, Куинси белгісіз себептермен отбасының бір мүшесімен сөзге келіспей, пышақ жұмсаған.
Жарақат алған жігіт суық қарудан зардап шеккенін бір ай бұрын айтып, тергеу жұмыстары басталған. Проместі осыған дейін неге ұстамағаны белгісіз.
Ойыншының қамауға алынғаны жөнінде полицияның ресми өкілі Джелмер Гирдс растады. Кінәсі толыққанды дәлелденетін болса, Промес төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Нидерланды чемпионатының ағымдағы маусымында Промес “Аякс” сапында 12 ойынға қатысып, бес мәрте қақпа торын тулатқан.

Жарнама