Мировой футбол
29 наурыз 2017 18:49
 
Футболға видеоқайталау қажет пе?

  Пікірлер

blog.share

Футболға видеоқайталау қажет пе? Telecinco

Футболдан Франция мен Испания құрамалары арасындағы ойында бас төреші Феликс Цвайер екі рет видеоқайталаудың көмегіне жүгінді. Бірінде голды есеп алмаса, бірінде голды нәтижеге тіркеді.

Екінші тайм басында Анутан Гризманның баспен соққан голын төреші көмекшісіне видеоқайталауды қарауды ұсынды. Нәтижесінде ойыншы оффсайдта қалғаны айтылып, гол есепке алынбады.

Ойында төреші екінші рет 77 минутта видеоқайталау арқылы шешім шығаруға бел буды. Көмекшісінің кеңесі бойынша Жерар Деулофеудің соққан голын есепке алды. Ал бұл шешімді шығару мен көмекшісінің жауабына 40 секундтай уақыт кетті. Мұндай уақыт футболдың қарқындылығын төмендетуі мүмкін.

Өзге спорт түрлері секілді (теннис, хоккей, т.б.) видеоқайталау футболға да енгізілуі мүмкін. Қазіргі таңда бұл ережеге қатысты сынақ жүргізілуде. Себебі бұл спорт түрінде төрешілер кейде жиі қателікке бой алдырып та жатады. Осындайда видеоқайталаудың қажет болатыны жасырын емес. Әсіресе офсайд кезінде. Дегенмен видеоқайталау ойынның қарқындылығын төмендетіп, уақыт алатыны тағы бар. Сондықтан да спорт сарапшылары мен көп жанкүйерлер футболға видеоқайталаудың енгенін құптамайды. Кеше өткен Франция мен Испания құрамалары арасындағы жолдастық кездесуден кейін француз шабуылшысы Кевин Гамейро "видеоқайталау – футболды өлтіреді" деп қысқа қайырды.

Ал сіз қалай ойлайсыз? Футболға видеоқайталау қажет пе?

Жарнама

Живи спортом!