Футболдан Нидерланды құрамасына бас бапкер тағайындалды

Франк де Бур Нидерланды құрамасының жаңа бас бапкері болды,- деп хабарлайды ұлттық құраманың ресми сайты. Тараптар 2022 жылға дейін келісімшарт жасасуға келісті.

Еске салайық, Нидерланды құрамасының бас бапкері «Барселонаға» кеткен Рональд Куман болатын. Де Бурдың соңғы клубы осы жылдың шілде айында кеткен "Атланта Юнайтед" болды. Бұрын маман "Аякс", "Интер" және "Кристал Палас" сияқты клубтарда жұмыс істеген, сонымен қатар Нидерланды құрамасында бапкердің көмекшісі болған.

Де Бурдың басшылығымен "Аякс" Нидерланды чемпионы (2010/2011, 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014 маусымдары) және Нидерланды Суперкубогының иегері (2013) атанды.
Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты