Франция голды автаматты түрде анықтайтын жүйеден бас тартпақшы
©:eurosport
Францияның кәсіпқой футбол лигасы ел біріншілігінде және Лига кубогында голды автоматты түрде анықтайтын жүйеден бас тартпақшы. Бұл туралы Eurosport хабарлап отыр.
Бұған дейін аталған технологияның ақаулықтарына байланысты оның қолданылуы уақытша тоқтатылған еді. Франция футбол басшылары бұл жүйеге кететін шығынның ең пайдасы жоқ деп отыр.
25 қаңтар күні Франция футбол федерациясының басшылары бұл жүйені ұсынатын компаниямен келісімшартты бұзды, деп хабарлады L’Equipe басылымы. Оған себеп Франция кубогының 1/32 финалында "Амьен" мен ПСЖ (0:2) клубтары арасында өткен кездесуде жүйенің париждік клубтың жартылай қорғаушысы Адриен Рабьоның соққан голын анықтай алмағаны болған. Бұл жағдайды кездесудің төрешісі видеоқайталаудан қайта көріп, голды есепке алды.
Ал Франция біріншілігінің 18 турында "Труа" мен "Амьен" (1:0) арасындағы кездесуді жүйе өздігінен жұмыс істеп кеткен. Жүйенің себепсіз неге жұмыс істеп кеткенін анықтау үшін кездесудің төрешісі ойынды тоқтатуға мәжбүр болған.
Айта кетейік, голды автоматты түрде анықтау жүйесін бұл күндері Ағылшын премьер-лигасы енгізуді ойластырып отыр. The Telegraph басылымының мәліметі бойынша, Англияда қазір бұл технологияны бейресми сынақтан өткізіп жатыр екен.

Жарнама