Мировой футбол
10 қаңтар 2017 12:00
 

ФИФА әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 42-ге дейін көбейтті

  Пікірлер

blog.share

ФИФА әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 42-ге дейін көбейтті Сурет ФИФА-ның ресми сайтынан алынды

ФИФА әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын көбейтті Халықаралық футбол қауымдастығы(ФИФА) әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 32-ден 48-ге дейін көбейтті. Бұл туралы ұйымның Twitter желісіндегі парақшасы хабарлады.

blog.share

ФИФА әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын көбейтті Халықаралық футбол қауымдастығы(ФИФА) әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 32-ден 48-ге дейін көбейтті. Бұл туралы ұйымның Twitter желісіндегі парақшасы хабарлады.

 - ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатынан бастап қатысатын құрамалар санын 48-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Үш командадан 16 топ болады, - делінген ресми хабарламада.

Әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын ұзарту 2016 жылы ФИФА президенті болып сайланған Джанни Инфантиноның жобасы еді. Жарыстың нақты ережесі наурыз белгілі болмақ. 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізуге Үндістан, Қытай, Эквадор, Боливия, Перу мен Парагвай үмітті. Сондай-ақ Канада мен Жаңа Зеландия елі де біріге ұйымдастыруды ниеттеніп отыр.

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізетін елді 10 мамыр күні Куала-Лумпурде өтетін кезекті Конгресінде анықтайтын болады. Жаңа ереженің енуімен әлем чемпионатындағы ойындар саны 64-тен 80-ге дейін көбейеді.

Айта кетейік, ФИФА әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын соңғы рет 1998 жылы көбейткен еді. Францияда өткен төртжылдықтың додасында алғаш рет 32 команда қатысқан еді.

Жарнама

Живи спортом!